«Қарағанды ТЖ Құтқару Қызметі» ЖШС қызмет көрсету туралы көпшілік келісімшарты
Осы келісімшарт (бұдан былай Келісімшарт) Жарғы негізінде іске асатын бұдан былай «Орындаушы» деп аталатын «Қарағанды ТЖ Құтқару Қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ары қарай мәтін бойынша Құтқару қызметі), оның директоры Козлова Юлия Александровна бір тараптан және Меншік иесі/Тұрғын үйді жалға алушы (тұрақты тұруға арналған және соған қолданылатын жеке тұрғын үй, пәтер, жатақхана бөлмесі) бұдан былай «Тапсырыс беруші» деп аталатын екінші тараптан, бірге «Тараптар» ал жеке алғанда «Тарап» араларында төмендегідей қызмет көрсетуге жасалды:
1 бап. Келісімшарт мәні
1. «Орындаушы» белгілі бір себептерге байланысты өз еркімен қимылдай алмайтын науқастар мен мүгедектерді пәтерден жедел жәрдемге, ауруханаға; дүлей апаттардан, екпінді желден кейін шатыр құлау кезінде шұғыл жөндеу, қауіпті заттарды шешу ( антенна, кабель, ғимараттардың сыртқы қаптамалары және т. б.); халыққа пәтер есігін ашуға көмектесу және сонымен қатар (102,103) өтінімі бойынша; автомобильдерді зақым келтірмей ашу; үйлер шатырлары, балкондар мен терезелерге қауіпті салбырап тұрған диаметрі 10 (он) см дейін ағаш бұталарын кесу, сонымен қатар бұталардағы бөгде заттарды бөлшектеу; жеке және көпқабатты секторлардың мұржа құбырларын тазалау; тұрғын үйлерде суық су және ыстық су құбырларының жарылуы (жарылудың алдын алу) кезінде шұғыл шақыру; су тасқыны кезінде халыққа көмек беру: суды тартып шығару, арықтарды қоқыстар мен мұз кептелісінен шұғыл тазалау, қарапайым дамбалар соғу; үй жануарларын құтқару (жылан және қауіп тудыратын басқа да жануарды ұстау); ОҚО ТЖД қызметтерінің іздеу жұмыстарына, бөлшектеу және үйінділерді жинау; лифт есіктерін ашу, халыққа автотранспорттық құралдарды эвакуациялауға тәулік бойы қызмет көрсету міндетін өзіне жүктейді.
Қызметтер Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша қажетті техникалық құралдар мен аспаптарды пайдалана отырып көрсетіледі.
1.1. «Тапсырыс беруші» ай сайынғы төлемдерді уақытылы төлейді. Ай сайынғы төлем — 80 (сексен) теңгені құрайды, төлемді Тапсырыс беруші ағымдағы айдың 25-нен кешіктірмей төлейді
1.2. Келісімшартты орындау орны: Шымкент қ.,Тапсырыс берушінің өтінімінде көрсетілген мекен-жай.
2 бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Орындаушы :
2.1.1. 1 пунктте көрсетілген қызметтерді сапалы және шұғыл орындауға міндетті.
2.1.2. Өтінім бойынша келу: белгілі бір себептерге байланысты өз еркімен қимылдай алмайтын науқастар мен мүгедектерді пәтерден жедел жәрдемге – шұғыл жағдайда — 40 минут ішінде, өзге жағдайда(ем-шарадан жоспар бойынша өту) өтінім алдын ала бір тәулік бұрын қабылданады және уақыты талқыланады; дүлей апаттардан, екпінді желден кейін шатыр құлау кезінде шұғыл жөндеу, қауіпті заттарды шешу ( антенна, кабель, ғимараттардың сыртқы қаптамалары және т. б.); халыққа пәтер есігін ашуға көмектесу және сонымен қатар (102,103) өтінімі бойынша — 40 минут ішінде; ; автомобильдерді зақым келтірмей ашу — 40 минут ішінде; үйлер шатырлары, балкондар мен терезелерге қауіпті салбырап тұрған диаметрі 10 (он) см дейін ағаш бұталарын кесу, сонымен қатар бұталардағы бөгде заттарды бөлшектеу; жеке және көпқабатты секторлардың мұржа құбырларын тазалау; тұрғын үйлерде суық су және ыстық су құбырларының жарылуы (жарылудың алдын алу) кезінде шұғыл шақыру – үш сағат ішінде;
су тасқыны кезінде халыққа көмек беру: суды тартып шығару, арықтарды қоқыстар мен мұз кептелісінен шұғыл тазалау, қарапайым дамбалар соғу –бес сағат ішінде; үй жануарларын құтқару (жылан және қауіп тудыратын басқа да жануарды ұстау) – екі сағат ішінде; ОҚО ТЖД қызметтерінің іздеу жұмыстарына, бөлшектеу және үйінділерді жинау – бір сағат ішінде; лифт есіктерін ашу — екі сағат ішінде; халыққа автотранспорттық құралдарды эвакуациялауға көмектесу- үш сағат ішінде орындалуға міндетті.
2.1.3. 2.4.1-т. сәйкес келіспеушіліктер туындаған және Тапсырыс берушінің дәлелді ескертулерін таныған жағдайда, Орындаушы бір тәулік ішінде барлық ескертулерді жоюға міндетті.
2.2. Орындаушы:
2.2.1. Тапсырыс берушінің ерікті ай сайынғы төлемдерін бақылап отыруға.
2.2.2. Тапсырыс берушіге жеткізіп беруді тоқтатуға бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған кезде сомасы мен қызметтердің ақысын төлеу мерзімдері.
2.3. Тапсырыс беруші:
2.3.1. Осы Шарттың 1.1-тармағында белгіленген ай сайынғы төлемдерді уақытында төлеуге.
2.3.2. Қызмет көрсету үшін Орындаушыға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2.3.3. Тапсырыс беруші өзінің міндеттерін орындау барысында Орындаушыға берген ақпараттық анықтығы үшін өзіне жауапкершілік алады.
2.4. Тапсырыс беруші:
2.4.1. Орындаушы көрсеткен қызметтің сапасымен келіспеген жағдайда қызметтер көрсетілген және жұмыстар көрсетілгеннен кейін 3 (үш) тәуліктен кешіктірмей жазбаша дәлелді ескерту беруге құқылы.
2.5. Тараптар:
2.5.1. Осы Шарттың тараптарынан туындайтын өзге де міндеттерді орындауға құқылы.
3-бап. Қызметтерге өтінімді ресімдеу тәртібі
3.1. Өтінімді Тапсырыс беруші 1355 телефондары бойынша ауызша түрде береді және келесі мазмұнда болуы керек: қазіргі келісім-шарт бойынша қызмет көрсетуге қажетті тұрақты мекен-жайы, аты-жөні, әкесінің аты және тапсырушының байланыс деректері. Оны Орындаушының диспетчері Өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді.
4-бап. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Орындаушы орындалған қызметтердің сапасына жауап береді.
4.2. Орындаушы:
— еңсерілмес күш, әскери іс-қимылдар, митингтер, демонстрациялар, террористің қатерлер және т.б., сондай-ақ апатты сипаттағы көріністер (жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, дауыл және т.б.);
— Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметтерді орындауға кедергі келтіретін актілер шығару салдарынан өтінімді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады
5-бап. Дауларды шешу
5.1. Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын немесе сонымен байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
5.2. Келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қарауға жатады.
6-бап. Шарттың әрекет ету мерзімі
6.1. Шарт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен күшіне енеді.
6.2. Шарт белгіленбеген мерзімге жасалған болып саналады.
7-бап. Өзге жағдайлар
7.1. Осы Шарт жария болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-б.).
8-бап. Орындаушының «Қарағанды ТЖ Құтқару Қызметі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңды мекенжайы мен деректемелері
Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Новая к., 22
тел.: 8 (7212) 41-83-55, 1355
БСН: 120840010743
ЖСК: KZ386010191000195393 (KZT)
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК: HSBKKZKX